Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда ақталған дәрігерлер ісі аппеляциялық сотта қаралуда

AstanaTV
26.02.2020ж. 20:00
2201
Атырауда ақталған дәрігерлер ісі аппеляциялық сотта қаралуда

Атырауда ақталған перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты ісі қайта жанданды. Егіз сәбиін дүниеге әкелген соң перзентханада қайтыс болған Анаргүл Майлыбаеваның туыстары қалалық №2 сотының үкіміне қанағаттанбай, аппеляциялық сотқа шағым түсірген. Қаралы отбасының пайымынша сот медициналық сараптамасы дұрыс жүргізілмеген, сондықтан оны қайта тағайындауды сұрайды. Сараптама былтыр қарашада ел астанасындағы орталыққа қайта қарауға жіберілген.

Өміргүл МАЙЛЫБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

 
Қайталама сот сараптама жүргізуді талап етемін. Себебі басынан бастап үш ай бойы алдады. Экспертиза күрделі түрде жүріп жатыр деп.  Экспертиза күрделі, қаралып жатыр, нақтыланған жоқ. Үнемі созып келгенде ақпан айына мынадай қолыма хат келіп тұр. Ол воовще өткізілмеген. Басынан бастап, бұған кім жауап береді. Алдап келген болып тұр.


Дина ТҰХФАТОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
 
Сот алқасы қаулы етті жәбірленуші Майлыбаеваның, өкілі, адвокат Жолболовтың қайталама сот медициналық сараптама тағайындау өтініші қанағаттандырылсын.  Майлыбаеваның өлімі бактериалдық токсикалық іс қайта сараптама жіберілетін болды. Өйткені сотқа да істің объективті шешілгені қажет.


Бұл жолы сараптама «Сот сараптамаларын өткізу орталығының» Қарағанды облысы бойынша институтына жіберілді. Естеріңізге салайық, Атырау облыстық перинаталдық орталығында 2017 жылдың 5 шілдесінде Анаргүл Майлыбаева егіз сәбиін кесарь тілігі арқылы өмірге әкелген соң қайтыс болды. Осыған айыпталған перинаталдық орталықтың 4 дәрігерін №2 қалалық соты ақтап шыққан еді.

Б. Нәдірқызы