$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тараздық тұрғын жеке куәлігіндегі қатесін түзете алмай жүр

AstanaTV
26.02.2020ж. 20:00
2310
Тараздық тұрғын жеке куәлігіндегі қатесін түзете алмай жүр

Тараздық тұрғын жеке куәлігіндегі қатесін түзете алмай жүр. Құжатта оның туған күні тамыз емес шілде деп көрсетілген. Гүлжайна Қылдабекова мәселесін айтып, көші-қон қызметіне барған. Ондағылар "екі жыл бойы қайда жүрдің" деп айқайға басып, шығарып салғанын жеткізді. Тараздық тұрғын арнамызға хабарласып, не істеу керегін сұрады.

Гүлжайна ҚАЛДЫБЕКОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Жеке куәлік алатын кезде білмегенбіз, мен ол кезде кішкентаймын,15-те. Оны бәрі білмей, көрмей алған. Енді кредит алайын десем шықпайды, қате деп. Сосын ХҚК орталығына барып айттым: сіздерден қате кетті, жөндеп беріңіздер, деп. Олар айтты: бір істелген нәрсе енді жөнделмейді. ЖСН жөндеуге болмайды, деп.

Осы мәселе бойынша Жамбыл облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасына шықтық. Бізбен тікелей байланыста аға инспектор Нұржан Жаңабаев. Нұржан Рахмиджанұлы, кеш жарық! 15 жастағы бойжеткенге "Жеке куәлікті" алғанда неге қарамадың деп айыптау орынды ма?

Нұржан ЖАҢАБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНПЕКТОРЫ:


Кеш жарық! Әрине, бұл жағдай бойынша толық жауапкершілікті қызметкер өз мойнына алады. Бірақ қызметкердің де, құжат алушының да мұқият болмауынан орын алып отырған мәселе. Себебі жеке куәлік және төлқұжатты рәсімдеу барысында әрбір құжат алушыға не оның заңды өкіліне енгізілген ақпарат тексеруі үшін ұсынылады.

Нұржан мырза, қателік жіберген маманға қандай да бір шара қолданылды ма?

Нұржан ЖАҢАБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНПЕКТОРЫ:


Ол қызметкер бойынша қазір қызметтік тексеріс тағайындалып жүргізілетін болады. Қызметтік тәртіптегі жауапкершілікке тартылатын болады. Алдын ала айту мүмкін емес, қызметтік тексеріс аяқталған соң тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.


Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен байланыста болған Жамбыл облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының аға инпекторы Нұржан Жаңабаев. Гүлжайна Қалдыбекова құжатын жөндетеді деп сенейік. Біз бұл мәселені соңына дейін бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан өзекті мәселе болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә.Өмірзақ