Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сыбайлас жемқорлық азаймай отыр

AstanaTV
28.02.2020ж. 20:00
1815
Сыбайлас жемқорлық азаймай отыр

30 мың АҚШ доллары. Бұл қаржыны Алматы облысының құзырлы органдары кәсіпкерден пара ретінде алған деген күдік бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгін БАҚ өкілдерімен өткен брифингте осыны айтты. Талдықорған көлік прокуратурасының аға прокуроры, Алматы облысы экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі және Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы бірігіп, контрабанда фактісі бойынша тіркелген істі тоқтатқан. Осы қызметі үшін олар қомақты сыйақы талап еткен деген күдік бар.

Қайсар БАРЖАҚСЫНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТЕРГУШІСІ:

Күдіктілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша жауапқа тартылып Талдықорған қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мамандары, өз қызметін асыра пайдаланбақ болған полицейлердің құйтырқы әрекетін әшкере етті. Құны 30 миллион теңге болатын, 111 келі бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдауға жол ашпақ болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкері өз кінәсін мойындапты.

А. Данияр