Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Дәрігерлердің жалақысы жарты миллион теңге болады, - Е.Біртанов

AstanaTV
28.02.2020ж. 20:00
3111
Дәрігерлердің жалақысы жарты миллион теңге болады, - Е.Біртанов

Дәрігерлердің жалақысы көбейеді. 2025 жылы ақ халаттылардың еңбек ақысы жарты миллиондай болмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа жиынында министр Елжан Біртанов айтты. Ол 2019 жылдың қаңтарынан бері дәрігерлерің жалақысы 60 пайызға көтерілгенін жеткізді. Биыл ол көрсеткіш 30 пайызға көтерілген. Министрлік адамдардың өміріне араша түсетін жандардың жалақсын өсіруді жалғастырмақ ниетте. 

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілетін болады және мейірбикелер 20 пайызға. Бұл да маңызды көптен күткен нәтиже оның себебі әрине, қазіргі күндегі біздің саладағы көп мәселелердің негізі ол - біздің медициналық кадрдың көңілі. Жыл сайын медициналық қызметкерлердің жалақсы көтерілетін болады.


Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласын кадрмен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталып өтті. Айтуынша, елде 4 мыңнан астам медициналық қызметкерлер жетіспейді. Әсіресе, ауылдық жерлерде дәрігерлердің тапшылықтығы қатты байқалады екен. Десе де бұл олқылықты жою үшін жас мамандаға тиісті шаралар мен қолдаулар көрсетіліп жатыр деді.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Әрине, ауылды жерде жұмыс істеу қиын болады. Жас мамандарға міндетті түрде тұрғын үй мәселесі шешілу қажет. Бұл мәселелер шешілсе біздің ойымызша, кадр тапшылығы мәселесін 1-2 жылда шешу мүмкіншілігі бар.

А. Данияр