Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Сауд Арабиясы Қазақстан азаматтарына туристік виза беруді тоқтатты

AstanaTV
28.02.2020ж. 21:01
1787
Сауд Арабиясы Қазақстан азаматтарына туристік виза беруді тоқтатты

Сауд Арабиясы Қазақстан азаматтары үшін туристік виза беруді тоқтатты. Эр-Риядтағылардың мәліметінше, біздің еліміз коронавирус жұқтырған мемлекеттердің тізіміне енгізіліп қойған. Алайда, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл мәліметті жоққа шығарды. Айтуынша, COVID-19 коронавирустың жаңа түрін жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелген жоқ деп сендірді.

Елжан БІРТАНОВ,  ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Біздің елімізде 500-ге жуық адам карантинде, олар қазір дәрігерлердің бақылауында. Тағы да айтамын, әзірге бізде коронавирус анықталған жоқ. Егер анықталған жағдайда сіздерді хабардар етеміз.

Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшілігі виза беруді «уақытша» деп бағалады.  Іскерлік визалар бұрынғыдай беріледі. Бірақ туристік бағыттарға жеті елдің азаматтары үшін тыйым салынған. Оның ішінде Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия және Италия бар. Соңғы мәліметтер бойынша, вирустың жаңа түрі 60-қа жуық елге тарап үлгерген. 

А. Данияр