Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылорда облысында 20 жуық елді-мекен сапалы ауыз суға зәру

AstanaTV
03.03.2020ж. 20:00
2719
Қызылорда облысында 20 жуық елді-мекен сапалы ауыз суға зәру

Қызылорда облысында жиырмаға жуық елді-мекен сапалы ауыз суға зәру. Бір ғана Жаңақорған ауданында 12 ауыл сапасы күмән тудыратын тіршілік нәрін пайдаланып отыр. Бірі ауласынан құдық қазып алса, біріне арнайы көліктер су тасиды. Өлместің көнін кешкен тұрғындардың проблемасы, келесі бейнематериалда.

"Бірлік" ауылының тұрғындары тамшы суды үнемдеуді әдет қылған. Олар құдық қазып, сондағы суды пайдаланып жүр. Сапасынан күдіктенсе де, басқа амал жоқ. Сондықтан оған бас ауыртпайды. Екі жарым мыңнан астам халқы бар елді-мекеннің, таза ауыз су жылдар бойы шешімін таппаған проблемасы. 

Әріпбек АСАНОВ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы жерде 400-дің үстінде үй бар, 430-дай. Әр қайсының үйінде бір құдығы бар. 6-7 метрден шығады суы. Сол суды ішіп отырмыз.

Жаңақорған ауданында су тапшылығы өзекті. Кей ауылдарға суды жеткізеді. Аптасына бір келетін көліктен құйып алып қалған суды, үнемдеп жаратады. Жалпы аудан бойынша 14 мыңнан астам халық осыны бастан өткеруде.Жергілікті атқамінерлер қол қусырып отырған жоқпыз деді. Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 6 жыл бұрын құбыр тарту жұмыстары басталғанын айтты.      

Өмірзақ ҚОЖАҚОВ, «АРАЛ» САЛЫНЫП ЖАТҚАН КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ДИРЕКЦИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Сметалық құны объектінын 5 миллиард 900 миллионды құрайды. Нысан негізінде 14 жылы құрылысы басталған. Бұл қаражатқа 222 мың километр магистралды су құбыры тартылды. Содан кейін 12 елді-мекеннің ішіндегі ішкі ауыз су құбырлары тартылды және әр елді-мекендерде сорғы стансалары бар. 

Суға жауаптылар бұл мәселе салынып жатқан Талап су құбырының есебінен күзде шешілетінін хабарлады. 12 ауыл бірден ауыз сумен қамтылмақ. Айта кетейік облыста Жаңақорғаннан өзге, Арал, Қазалы аудандарындағы ішінара ауылдарда тіршілік көзіне зәру. Ал олардың мәселесі қашан шешілері белгісіз.
    
Ш. Сақтапова