«Nur Otan» партиясының хатшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс-сапарымен барды. Әлібек Әлденей Шемонаиха және Ұлан аудандарын аралап, өңір тұрғындарымен кездесті. Саяси ұйым өкілімен жүздескен жұртшылық өз кезегінде көкейіндегі сауалдарын қойып, ойларын бүкпесіз ортаға салды. Шемонаиха ауданы үшін алдағы 5 жылға арналған бағдарлама жобасы жасалды. Мұнда тұрғындардың нақты проблемалары ескерілген. Ол жергілікті бюджетке қарай шешілетін болады. Партия әрбір аудан мен қалада сайлауалды бағдарламалардың орындалуын бақылауға алады.
Әлібек АЛДЕНЕЙ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Өздеріңізге мәлім, Елбасы Н.Ә. Назарбаев былтыр өңірлермен кездесу арасында партияның алдына жаңа мақсат-міндеттерді қойды. Өздеріңізге айтып жатырмыз. Есеп беріп жатармыз. Біраз шаралар қолданылды. Жұмыстар алға жылжып жатыр.
Сонымен қатар, партия хатшысы Ұлан ауданын да аралады. Мұнда жаңа аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі күні аурухана айына 1 мың 300 адамды қабылдайды. Бірақ ол аудан үшін жеткіліксіз. Сондықтан мұнда жаңа, үлкен аурухананы қажеттілігі туды. Құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары толықтай дайын тұр. Құрылыстың сапасын "Nur OTAN" партиясы бақылауға алмақ.
А. Мүтәлі