Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Мұнай құлдырап АҚШ доллары өсті. Теңгеге сенім бар ма?

AstanaTV
11.03.2020ж. 20:00
3303
Мұнай құлдырап АҚШ доллары өсті. Теңгеге сенім бар ма?
Бүгін теңге тағы құнсызданды. 1 доллар 394 теңге 41 тиын тұрады. Әлемдік нарықтағы жағдай, теңгеге кері әсер етті. Үкімет, «валюта бағамын тұрақты ұстап қаламыз», дегеннің өзінде, долларға сұраныс артқаны байқалады. Ұлттық нарықта қандай өзгеріс бар? Қымбатшылық бола ма, жоқ па? Тілшіміз көшеге шығып, елордалықтардың пікірін біліп қайтты.

«ОПЕК-пен» ерегескен Ресейдің кесірінен мұнай бағамы, бір ақ күнде 30 пайызға арзандап, әлем нарығын есеңгіретіп тастады. Шикізатқа тәуелді біз үшін де жеңіл тиген жоқ. Үкімет, «АҚШ долларын алуға асықпаңыздар» деп қанша айтса да, Америка валютасын іздеген адам азаяр емес.

Думан МҰХАММЕДКӘРІМ, ТІЛШІ:

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша бүгін наурыздың 11 күні 1 доллар 394 теңге 41 тиын тұрады. Ал, енді мына нонсенске қараңыз. Валюта айырбастайтын пункттер бүгін 1 долларды 395 теңгеден сатып алып жатыр. Сұрап көрейік доллар бар ма, өзі?

- Ассалаумағалейкум. Бір-екі ауыз сұхбат беріңіз. Доллар сатып алып жатқандар көп пе?
- Білмеймін, білмеймін. Кешіріңіз...
- Осылайша мені шығарып салды.


Теңгесі көптер, әрине доллар іздейді. Ал, қалтасы жұқа ағайын баға қымбаттап кете ме деп  алаңдайды.

БЛИЦ:

-  Әрине алаңдатты. Бүгін супермаркеттерге барғанның өзінде тамақтар жайлап қымбаттап жатыр.
-  Жоқ алаңдамаймын. Өйткені, доллармен жинаған ақшам жоқ. Немеге алаңдаймын?!


Халықтың долларға ағылуын экономисттер абсурд деп ойлайды. Өйткені, доллар ертең түсіп кетсе, ұтылатыныңыз анық. Нарықтың бұл ойыны доллары көп олигархтарға ғана тиімді. «Ал, азық-түлік бағасының қымбаттауы әбден мүмкін», дейді экономикалық сарапшы Жангелді Шымшықов.

Жангелді ШЫМШЫҚОВ, САРАПШЫ:

Әрине көтеріледі. Өзіңіз көріп отырсыз ғой. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген сияқты. Қызанаққа барсаң екі есе қымбат, қиярға барсаң екі есеге қымбат.
 
Негізі әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандаса, жанар-жағар майда түсуі тиіс. Бұл логистикаға да, азық-түлікке де әсер етіп тауар бағасы арзандауы керек. Бірақ ол әлемде.

БЛИЦ:

-  Төмендеуі керек. Енді бізде Қазақстанда бәрін керісінше істейді ғой. Бензинді басқарып отырған кісілер бизнес жасап отыр ғой. Қымбаттай береді ғой бәрібір.
- Қымбаттайтын шығар.


Шағын азық-түлік дүкендері болса әзірге ескі бағаны ұстап тұр. «Ағылған халық байқалмайды», дейді сатушылар.

Светлана ХРОМЦОВА, ДҮКЕН САТУШЫСЫ:

Люди уже привыкли такому.

Үкімет кеше, доллар құны да, аймақтардағы азық-түлік бағасы да өспейтінін айтқан. Бағаны тұрақтандыруға ұлттық қордағы ақшаны жұмсамақшы. Бұл қаражат қашанға дейін жетер екен? Таусылып қалмасына кім кепіл?

Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Потому что это не реально. Потому что деньги национального фонда капитализируются тоже. А не просто лежат мертвым грузом. То есть они тоже зарабатывают деньги. Плюс ежегодно национальный фонд пополняется за счет налогов.

Д. Мұхаммедкәрім