Оралда мас күйінде көлік айдап, төрт баланы жетім еткен экс-полицей бес жылға сотталды. Бірақ марқұмның туыстары бұл үкіммен келіспейді. Жазаны тым жеңіл, дейді. Ішімдік ішіп, көлікпен жолындағаны жайпаған орган қызметкерін, мал ұрлағандармен бірдей жазаға тарту әділетсіздік деді. Алайда судьяның өз уәжі бар.
Еркін КАРИН, ТІЛШІ:
Сотталушы- бұрыңғы полицей - Медет Рахадилов өз кінәсін толық мойындады. Бірақ марқұмның туыстары оған кешірім бермеді.
Сот, айыпталушыны Қылмыстық Кодекстің 345-бап, 3-ші бөлігі бойынша айыпты деп таныды. Яғни көлiк жүргізу тәртібін бұза отырып, абайсызда адам денсаулығына - ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққаны үшін бес жылға соттады. Бірақ бұл жазамен марқұмдары туыстары келіспейді.
Серік БЕКТҰРҒАНОВ, МАРҚҰМНЫҢ КҮЙЕУІ:
10 жыл берсін! Неге десеңіз, мал ұрлағанда да, мана кісілер айтып жатыр ғой, біреудің қойын ұрлап кетсең де, бес жыл ма сондай алады ғой. Арағын ішіп тұр, есіріп айдап тұр. Соның бәрі мысалы қарап тұрсаң әдейі жасағандай. 1,5 жылдан кейін УДО-мен шығарса, баланың ойыны болып кетті ғой. Цирк былай қарағанда.
Айтуларынша, ол ішімдік ішіп, есірткіге үйір болған, осының салдарынан бұған дейін де теріс қылығымен өңірге танылған. Шектен шыққан полицей, ақыры адам өліміне себепші болды, деді. Алайда, судья бұл мәселені былай түсіндірді.
Айжан МЫРЗАЛЫ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Бұл жаза сотпен Қылмыстық Кодекстің ескі редакциясы бойынша қабылданды. Себебі бұл жол-көлік оқиғасы 2019 жылдың желтоқсан айының 7-сінде орын алуы себепті, Қылмыстық Кодекстің 6-бабына сәйкес, Заңның кері күші болмайтынын ескере отырып, сол әрекет еткен заңға сотталушыға тиісінде жаза қабылданды.
Қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда, түнде болған. Жолай көлігінің жанармайы таусылған отағасы, әйелін рөлге отырғызып, өзі көлікті итеріп жанармай бекетін бетке алған. Осы кезде олардың көлігіне, полиция инспекторы Медет Рахадилов мінген автокөлік соғылған. Рөлдегі келіншек ауыр жараланып, екі күннен кейін көз жұмды. Марқұмның артында төрт баласы қалды. Кейін кінәлі инспектор жұмыстан шығарылып, қамауға алынды.
Еркін КАРИН, ТІЛШІ:
Сондай-ақ, бүгін сот, полиция департаментіне қаулы жолдады. Осындай қылмыстың алдын-алу үшін департамент өз қызметкерлерімен жұмыс жасауы тиіс. Аталған департамент болса, бір айдың ішінде бұл қаулыға жауап беруге міндетті. Ал, жазамен келіспеген марқұмның жақындары, моральдық-материалдық шығынды өндіру үшін сотқа қайтадан шағым түсіруге бекінді.
Е.Карин