$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нұр-сұлтандық тұрғын сапасыз орнатылған аялдамалардың көптігін айтып, арнамызға шағымданды

AstanaTV
11.03.2020ж. 20:00
2487
Нұр-сұлтандық тұрғын сапасыз орнатылған аялдамалардың көптігін айтып, арнамызға шағымданды

Әйнегі желден сынатын аялдама. Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны сапасыз орнатылған аялдамалардың көптігін айтып, арнамызға шағымданды. Мына видеоны жолдап, бірнеше апта өтсе де жөнделмек түгіл, сынықтары да шығарылмаған, дейді. Айта кетейік, осындай әйнек аялдамалардың саны- шаһарда 300-ден асады.

Саматжан ҚАРЫМБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Болтқа отырғыза салған ортасынан. Төбесі, асты бос тұр, болмайды ғой олай. Астананың желін білесіз. Менің көзімше қатты жел сындыырп жіберді.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Қысы-жазы желден көз ашпайтын ел астанасына неге мұндай аялдамалар орнатылған?! Бұл сауалды әкімдікке жолдамақшымыз. Бізбен тікелей байланыста Жол қозғалысы қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Руслан Абдуалиев. Қайырлы кеш, Руслан Өмірбекұлы. Жел сындыратындай әйнек әлсіз бе, әлде дұрыс орнатылмаған ба? жалпы сапасы сын көтермейтін сияқты...

Руслан АБДУАЛИЕВ, «НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Нұр-сұлтан қаласында қала типті шыныдан жасалған аялдамалардың саны 600 шамасында. Барлығын қояр алдында техникалық шарттарға сәйкес қызудан өткіземіз, 8 мм шынылар қойылады. Жаңағы тұрғынның айтуынша өз бетімен тұрып сыну фактісі бізде тіркелмеген.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Руслан мырза, осындай жағдайлар көбіне ауа-райының салдарынан бола ма әлде бұзақылардың әрекетінен бе?


Руслан АБДУАЛИЕВ, «НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұндай жағдай ауа-райынан да, бұзақылардың әрекетінен де болады деп айтуға болады.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Бізге хабарласқан тұрғын бірнеше аялдаманың әйнегі дәл осылай шағылып жатыр дейді. Дер кезінде жинап, жөндеуге не кедергі?


Руслан АБДУАЛИЕВ, «НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Жаңа айтып өткендей 600-ге жуық аялдаманы тексердік. Сынған аялдамалардың барлығы қалпына келтірілді. Шыныларды орнаттық.


Жазда Нұр-Сұлтанға туристер көп келеді. Аялдамаларымыз қирап, жерде шашылып жатып ұят болмасын. 

Руслан АБДУАЛИЕВ, «НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Оның барлығын қадағалаймыз. Редакцияларыңызға жаңағы қираған аялдамалардың жөнделгеннің дәлелі ретінде фото жібердім.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Рақмет сұхбатыңызға! Естеріңізге сала кетейін, бізбен тікелей байланыста Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Жол қозғалысы қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Руслан Абдуалиев. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.


Ә. Өмірзақ