Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Nur otan" партиясының хатшысы қоғамдық қабылдау өткізді

AstanaTV
12.03.2020ж. 20:00
2419
"Nur otan" партиясының хатшысы қоғамдық қабылдау өткізді

Сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясының хатшысы Арман Қырықбаев та, жамбылдық жастармен кездесті. Хатшы өз сөзінде партия жастармен бірге, демек жастар да партиямен септесіп жұмыс атқаруды жалғастыруы тиіс деді. Кездесу ашық әңгімеге ұласып, аяғы сұрақ-жауапқа жалғасты. Мұнан соң, партия хатшысы тараздықтардың өтініш-тілектерін тындады. Қоғамдық қабылдауда негізінен баспана, жер, жарық және оқушы тасымалы сынды мәселелер көтерілді.

Қалдыкүл ДОСЖАНОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Неше жылдан бері жүрген қиын бір мәселе болды десем де болады. Үйдің атынан келдім, 90 пәтерлі үй бар 2 мкр да Кондаминимумға қол жеткізе алмай қойдық біз. Бырталай жыл болды жүргенімізге. Жылда құжаттарды өткіземіз әйтеуір болмай қалады. Осы жолы мен естіп Нұр Отан партиясына хатшы Нұрсұлтан қаласынан келіпті оған приемға кіруге тырыстым. Қабылдады рақмет!

Осылайша өтінішпен келген тұрғындардың мәселесі сол жерде шешілді. Арман Қырықбаев ендігі оның орындалуы партия өз бақылауына алады деп ескертті. Жалпы, бұл өңірде партияның 12 қоғамдық қабалдау бөлмесі бар. Жыл басынан бері 652 өтінім келіп түскен.

Б. Жұмабай