Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Соңғы бір жылда 45 мың қазақстандық шетелге көшіп кеткен

AstanaTV
12.03.2020ж. 20:00
3674
Соңғы бір жылда 45 мың қазақстандық шетелге көшіп кеткен

Өткен жылы елден 45 мың адам көшіп кеткен. Шекара асқандардың басым бөлігін өзге ұлт өкілдері. Бұл туралы көші-қон процестерін мониторингілеу басқарамасы басшысы Дастан Айтқұлов, ел астанасында өткен республикалық семинарда айтты. Оның сөзіне сенсек, бір жылда Қазақстанға 30 мыңға жуық адам қоныс аударған. Олардың жартысынан астамы шеттен келген қандастарымыз. Мамандар көші-қон саласындағы дизбаланстың туындауына өзге елдегі әлеуметтік жағдай себеп болып отыр дейді.

Дастан АЙТҚҰЛОВ, КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІН МОНИТОРИНГІЛЕУ БАСҚАРАМАСЫ БАСШЫСЫ:


Әртүрлі себептер бар. Ең алдымен отбасы жағдайымен кетіп қалатындар кездеседі. Көрші мемлекеттердегі көші-қон саясатына да байланысты тұрмысын жақсарту үшін немесе оқу мақсатында кететін азаматтар көп.

Дастан Айтқұлов "оралман" сөзін "қандас" ұғымына ауыстыру мәселесіне де қатысты пікір білдірді. Президент ұсынысымен қолға алынған шара биыл қолданысқа енуі мүмкін деді. Жұрт қос қолдап қолдаған заң жобасы жуырда сенатқа жолданбақ.

Ғ. Өтемісов