Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәжілісте онлайн режимде заң жобасы талқыланды

AstanaTV
17.03.2020ж. 20:00
2488
Мәжілісте онлайн режимде заң жобасы талқыланды

Бүгін Мәжілісте бейбіт шараларды өткізу туралы заң жобасы талқыланды. Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты басқосу 9 аймақпен онлайн байланыс орнату форматында өтті. Оған депутаттар, мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйым мүшелері қатысты. Мәжіліс Төрағасы: "бұл құжат еліміз үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әрине, заң жобасының кейбір тұстары әлі де болса, талқылауды қажет етеді. Бұл түсінікті жағдай. Барлық ұсыныстар мұқият талқыланатын болады. Және біз азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, осы Заң жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстардың барынша ескеруге тырысамыз.
   
Айтуынша, барлық дамыған елдерде митинг, жиын, шеру басқа да бейбіт жиналыстарды өткізу үшін арнайы талап бар. Мысалы, жиналысты ұйымдастырушылар оның мақсатын, тақырыбын алдын-ала айту керек. Сонымен қатар, Үкіметтік жобада митингтер мен жиналыстарды өткізу үшін жергілікті атқарушы органға 15 күннен кешіктірмей, ал ереуіл ұйымдастыру үшін 10 күннен кешіктірмей хабарландыру жіберу керектігі туралы норма бар. Қоғамдық өкілдер бұл мерзімді қысқарту туралы пікірді алға тартты.

Евгений ЖОВТИС, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЮРОНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 
Бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан тақырыптың бүгін талқыға түскені қуантады. Бұл - Парламенттің қазір барынша ашықтыққа көшкенін көрсетеді. Жұмыс топтарына азаматтық қоғам өкілдері белсенді қатысады. Басты міндет-азаматтарды бейбіт жиналыстар мен митингілерде құқықтарын қорғау.

Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ" ПРЕЗИДЕНТІ:

Министрлер өз позициясын қорғады. Бірақ басқаларға да қарсы сөз сөйлеу мүмкіндігі берілді. Барлық өңірлерге өз уәжін жеткізді. Егер осындай іс-шаралар көбірек болса, бізді еститін мемлекетті құрамыз деп нақты айтуға болады.

А. Мүтәлі