Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 140 елдің ішінде 103-ші орында тұр

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 140 елдің ішінде 103-ші орында тұр

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 140 елдің ішінде 103-ші орында тұр. «Финпром кз» ресурсының дерегінше, Армения мен Ресейден кейінге қалыпты. Бүгінде Қазақстан аумағында мобильді интернеттің жылдамдығы секудына 19 Мбит-ке де жетпейді. Ал әлемдік көрсеткіш 32 Мбит межесінде. Қолданушылар санының көбеюіне байланысты Қазақстан аталған тізімде 85-ші орыннан 103-ші орынға төмендеп, Сирия мен Колумбияның қасына орнығыпты. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Армения мен Ресей алдыңғы орында тұр. Беларусь пен Қырғызстандағы интернет жылдамдығы да мәз емес. 140 елдің көрсеткішін талдаған мамандар дерегінше, Біріккен Араб Әмірліктері мен Оңтүстік Корея және Катарда интернеттің жылдамдығы жоғары. Бұл елдердегі ғаламтордың жылдамдығы Қазақстаннан төрт есеге «жүйрік».

Әлем елдеріндегі интернет жылдамдығы:

62 орын - Армения     
96 орын - РФ               
103 орын - Қазақстан   

Әлем елдеріндегі интернет жылдамдығы:

БАӘ - 87,01 Мбит/сек
Оңтүстік Корея - 83,09 Мбит/сек
Катар - 82,59 Мбит/сек

Е. Карин