$494.95 €525.49 ₽5.05
×

Нұр-Сұлтандағы блок-посттарда жұмыс қызған

AstanaTV
19.03.2020ж. 20:00
4071
Нұр-Сұлтандағы блок-посттарда жұмыс қызған

Қазақстанда коронавирус пандемиясын жұқтырғандардың саны 44-ке жетті. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растады. Науқастардың денсаулық жағдайы қалыпты деп бағалап отыр. Карантиндегі Нұр-Сұлтанда қауіпсіздік шаралары қалай жүргізілуде?  Асылбек Даниярдың репортажы.

Елордада "COVID-19" инфекциясын жұқтырғандардың саны 25-ке жетті. Бүгін түскі уақытта Денсаулық сақтау министрілігі 7 адамнан алынған сынама оң нәтиже көрсеткенін жариялады. Науқастармен байланыста болған 138 адам карантинге жатқызылыпты. Вирус жұқтырған 18-ін қалалық инфекциялық станционарға жеткізілген.

Диас АХМЕТШӘРІП, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары 25 пен 52 жас аралығында. Барлығы бұрын ауырған адамдармен тікелей байланыста болған. Қазір олар стационарда карантинде емделіп жатыр.  Жағдайлары жақсы.

Індетке шалдыққандардың жалпы саны - 44. Алматы -19 , Нұр-Сұлтанда- 25 адам ем қабылдауда. Ел бойынша 860 адам стационарда, 2611 азамат үй жағдайында оқшауланған. Олардың денсаулығынын дәрігерлер қалыпты деп бағалап отыр.  

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі ескі қосылған болатын. Дәл қазіргі уақытта Талапкер ауылы маңында орналасқан блок постта тұрмыз. Бұл жерде Нұр-Сұлтан қаласынан шығып жатқан және Нұр-Сұлтан қаласына кіріп жатқан  көліктердің қарасы көп екенін аңғару қиын емес. Жалпы бұл жол 22 наурыз бүгін сағат 12-ге дейін ашық болады. Өйткені Нұр-Сұлтаннан тыс жүрген және  қаланың ішінде жүрген өзге де аймақтардың азаматтары өздерінің қалаларына оралуға уақыт берілді.

Қазір өткізу бекетін жұмыс қызған. Бас шаһардың маңында орналасқан 7 елді-мекендегі блок-бекет түнен бері іске қосылып, бақылауды күшейткен. Мақсат - вирустың ел аумағына таралуына жол бермеу.

Марат ХУСАИНОВ, ҚР ҚК ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР:
 
Карантин аймақтарының шекарасы бойынша тораптық пункттерінде оқшаулауды қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында блок-посттар жабдықталған. Биологиялық қорғау бөлімшелері және арнайы дайындалған осы қызметтерде тәжірибелері бар құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері тартылған.

Әлеуметтік желілер арқылы тараған мынай видеоны ел сан-саққа жүгіртті. Көпшіліктің бойында үрей пайда болды. Мән-жайды Қорғаныс министрлігі бұлай түсіндірді.

2020 жылдың 18 наурызында бұрын бекітілген жауынгерлік әзірлікті тексеру жоспары бойынша Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірі жауынгерлік әзірлікке шықанын хабарлаймыз. Бұл техникаларды тексеру мақсатында өткен дайындық жұмысы болатын. Марш жасау тоқтатылды. Қосымша техникаға арнайы өңдеу жүргізіліп, екі сағаттан кейін тұрақты орналасқан пунктке қайтарылды.

Сонымен қатар ел астасындағы барлық сауда желілерінде азық- түлікке шектеу қойылды. Бір чекке 5 литр май және арнайы тауарлар: қант, ұн, жарма сынды тағамдардың әр қайсысы 5 келіден аупауы тиіс. Бұны Нұр-Сұлтан қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы айтты. Сондай-ақ нан бағасын 95 теңгеден бекітілді.

А. Данияр