Түбі бір түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістанда пальма өсіп тұр. Тропикалық аймақтарда кездесетін алып өсімдіктің көшеттері, Стамбұлдан арнайы алдыртылған. Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі маңына қазір пальманың 8 жас көшеті мен бір үлкен ағашы отырғызылыпты. Мамандардың білуінше пальмалар минус 12 градусқа дейін төзімді көрінеді. Шаһар басшысы тропиктік көшеттер демеушілер есебінен әкелінгенін айтты.
Рашид АЮПОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Күн салқындаған кезде арнайы технологиямен консерванция жасау өзінің технологиясы бар, сол бойынша қарайтын боламыз. Қазір шамалы енді тірі организм болғасын шамалы стресс алды үлкені, бірақ жастарының барлығы өте жақсы қабылдады.
А. Төребекқызы