$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысында 4 жастағы бала зейнеткердің қолынан қаза тапты

AstanaTV
26.03.2020ж. 20:00
2824
Қостанай облысында 4 жастағы бала зейнеткердің қолынан қаза тапты

Ішімдіктің кесірі. Қостанай облысында зейнеткер мас күйінде 4 жастағы баланы аяусыз ұрып өлтірді деген күдікке ілікті. Қайғылы оқиға апта бұрын Қарасу ауданына қарасты Октябрь ауылында болған. Күдіктінің үйіне азаматтық некедегі әйелінің қызы мен немересі қонаққа келген. Полицияның дерегінше, басқосуда барлығы арақ ішіпті. Ішімдікке сылқия тойған үй иесі баланың басын қабырғаға соғып, аяусыз ұрған. Шырылдаған сәбидің үнін шырт ұйқыда жатқан анасы да естімепті. Ауыр жарақаттан сәби жан тапсырған. Ал, 65 жастағы ауыл тұрғыны болса, қамауға алынды.

Нұрлан АРЫСТАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Оқиға орнына келген кезде жедел -тергеу топ анықтағаны 65 жастағы кісі өз үйінде мас күйінде өзімен бірге тұратын әйелдің 4 жастағы немересіне қол жұмсап дене жарақатын келтіреді. Дене жарақат нәтижесінде бала көз жұмады.Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР ҚК 99 бабы 3 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғап,тергеу әрекеттері жүргізілуде.Күдікті қамауда.

З. Санай