Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

"Birgemiz" қоғамдық қорына 6 млрд теңгеден астам қаржы түсті

AstanaTV
27.03.2020ж. 20:00
2279
"Birgemiz" қоғамдық қорына 6 млрд теңгеден астам қаржы түсті

Коронавирусқа қарсы күрес қорына 6 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл туралы «Birgemiz» қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сәкеев мәлімдеді. Бұл қор  Елбасының бастамасымен құрылған болатын. Оған Тұңғыш Президент қоры 200 миллион, ал "Нұр Отан" партиясы 150 миллион теңге аударған. Одан бөлек отандық компаниялар да ат салысты.  Қор басшысы елдегі жағдайға бей-жай қарамай, жомарттық танытып жатқан басқа да жеке тұлғаларға алғысын білдірді. Сонымен қатар, қаражаттың ерікті түрде жиналып жатқанын еске салып, бюджеттік ұйымдардан ақша қабылданбайтынын жеткізді. Қаражат бөлу кезінде барынша ашықтыққа назар аударылатынын тағы да баса айтты.

А. Мүтәлі