Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстанда 72 сағаттық визасыз режим 1-шілдеге дейін жалғасады

AstanaTV
30.03.2020ж. 20:00
1993
Қазақстанда 72 сағаттық визасыз режим 1-шілдеге дейін жалғасады

Әлемдегі жағдайға келетін болсақ, АҚШ-та індетті  жұқтырғандар азаймай отыр. Бүгінгі күні 150 мыңға жуық науқас тіркелген. Ақ үй қожайыны Дональд Трамп өлім-жітімнің де көбейетінін болжауда.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екі аптадан кейін вирус құрбандарының саны күрт өсуі мүмкін. Сондықтан қазір белгіленген ережелерді сақтанған жөн. Оң нәтижеге қол жеткізу тікелей өзімізге байланысты. Жалпы коронавирустан 200 мың адам қайтыс болуы ықтимал.

Қазіргі уақытта вирустан қаза тапқандар саны бойынша Италия мен Испания алдыңғы орында тұр. Мұндағы билік жағдай енді қалыпқа түседі деп сенеді. Екі елде де каратин режимі енгізілген. Италия тәртіпке бағынбағандарды дрон арқылы анықтауға кіріскен. Ал Испания болса, Қытайға вирусты анықтайтын сапасыз тесттарын қайтарып берді. Айта кетейік, әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 720 мыңнан асады.

Ә. Өмірзақ