Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мектептер қашықтықтан сабақ бастауға дайын ба?

AstanaTV
30.03.2020ж. 20:00
2759
Мектептер қашықтықтан сабақ бастауға дайын ба?

Жамбыл облысында оқушыларды қашықтан оқыту үшін біршама қиындықтар туындап отыр. Өңірдегі 124 ауылда интернет шектеулі болса, 26 елді-мекенде мүлде жоқ. Ал интернеті бар ауылдардың өзіндегі оқушыларда компютер тапшы. Облыстық білім басқармасы мамандары бұл мәселені 6- сәуірге дейін шешеміз деп сендірді.

Талғат ЖАМАЛОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыс көлеміндегі 124 елді-мекенде Интернет байланысы жоқ. Болса да шектелген. Әлсіз интернет бар. Бүгінгі күнде облыс басшылығы тарапынан тапсырма берілді. Ғаламтор желісін таратушы мекемелермен келісім-шарт жасап, қосымша интернетке қол жеткізу мәселесі пысықталуда.

Сондай-ақ, облыстық басқарма үйінде смартфон немесе компьютері жоқ аз қамтылған отбасыларды компьютермен қамтымақшы. Олардың арасында ұстаздар да бар. Мәселен, бір ғана Жамбыл ауданында 2000 мұғалім болса оның 200-ге жуығында қашықтан оқытатын құралдары жоқ. Дегенмен дайындық қызу. Мұғалімдер әлеуметтік желі арқылы оқушыларына тапсырма беріп отырады. Ал ойлайн сабақтардың ұзақтығы 10-15 минуттан аспайды, - деді Талғат Жамалов.

Б. Жұмабайұлы