Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін нақты механизмдер қажет,- Н.Нығматулин

AstanaTV
01.04.2020ж. 20:00
2006
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін нақты механизмдер қажет,- Н.Нығматулин

«Мемлекет басшысының тапсырмасы дағдарыстан кейінгі кезеңге де бағытталған». Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгін Президент мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Төменгі палата спикерінің айтуынша, бұл қадамдар халыққа  және бизнес саласына қолғабыс көрсетуге арналды. «Мемлекеттің дағдарысқа қарсы бағытталған қадамдары депутаттар тарапынан қажетті қолдау табады», деді Нұрлан Нығматулин.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Бұл қазіргі уақытта өте керекті шаралар ең алдымен экономикамызды тірегі шағын және орта бизнесті күшейтуге арналып отыр. Соынмен бірге азаматтардың әлеуметтік жағдайындаодан ары тұрақты ұстап отыруға бағытталған. Сол үшін республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінеді. Бұл қазақстандықтарды уақытша қиындықтан аман алып шығу үшін мемлекет тарапынан жасалған тағы бір нақты қадам.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысына қаралған Заң жобаларының бірі «Ардагерлер туралы» болды. Құжатты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов таныстырды. Заңға сәйкес ардагерлер бірнеше санатқа бөлінді. Ұлы Отан соғысының қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері бірінші санатқа жатқызылған. Екіншісі, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер. Министірдің айтуынша, ардагерлерге мемлекет тарапынан бірнеше көмек қарастырылған. Олардың ішінде баспанасыз жүргендеріне үй беру немесе жеке үй соғу үшін жер учаскелерін бөлу мәселелері бар. Құжат Мәжілістің бірінші оқылымда мақұлданды.

Д. Мұхаммедкәрім