Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елордада «Astana Media Week 2017» апталығы басталды

AstanaTV
04.10.2017ж. 20:00
2094
Елордада «Astana Media Week 2017» апталығы басталды

Бүгін Елордада "Astana Media Week 2017" апталығы басталды. Бұл шараның аясында отандық және шет елдік телеарналар продакшн компаниялармен өзара іскерлік байланыс орнатуды көздейді. Маңызды басқосудың ашылуына Ақпарат және коммуникация министрі қатысты. Қазір медианарықта 90-ға тарта продакшн компаниялар бар. Олар түрлі телеөнімдер түсіріп, оны арналарға өткізеді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

15-тен астам отандық және 7 шет елдік телеарана қатысып отыр. Барлығы өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алады. Бұл шара болашақта бәрімізге пайдасы тиетін, бірегей тәжірибе.

«Astana Media Week 2017» апталығына келушілер республикалық «Астана» телеарнасы ұсынған көрмемен де танысты. Бүгінде отандық телеаудиторияның 10,6 пайызы - біздің арнаның тұрақты көрермені. «Астана» арнасы бұл ретте ең жоғарғы төрттіктің қатарына кіреді. Соңғы бес жылда көрермен саны бес есеге өскен. Аудиторияның 87 пайызы қазақтілді көрерменді қамтиды. «Астана» телеарнасының басшысы Ләззат Танысбай медианарықта мемлекеттік тілдегі сапалы дүниелерге сұраныстың артып отырғанына тоқталды. Және продакшн компанияларды осы бағытта жұмыс істеуге шақырды.