Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауында Білім және ғылым министрі азаматтарды қабылдады

AstanaTV
04.10.2017ж. 20:00
1977
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауында Білім және ғылым министрі азаматтарды қабылдады

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев азаматтарды қабылдады. Онда қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы талқыланып, жан-жақты түсіндірілді. Шараға ғалымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Сонымен қатар, өңірлермен бейне байланыс орнатылып, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Маңғыстау тұрғындары көкейлеріндегі сауалдарын министрге қоюға мүмкіндік алды. Қоғамдық қабылдау барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған экспозициялық кітап көрмесі ұйымдастырылып, ондағы туындылар көпшілікке таныстырылды. 

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясына келетін халықтың саны аз емес. Ол жылдан жылға көбейіп жатыр. Әрине, сол үшін біздің қоғамдық қабылдау бөлімдерінде министрлардың және басқа да лауазымды кісілердің, мемлекеттік органдарының басшылары қабылдауы өтеді. Оның үстіне біздің мәжіліс депутатттары, мәслихат депуттары да өз қабылдауларын өткізеді.