$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Коронавирус жұқтырғандардың саны өсті

AstanaTV
02.04.2020ж. 20:00
2976
Коронавирус жұқтырғандардың саны өсті

Covid-19 пандемиясын жұқтырғандар бүгін 43 адамға өсті. Коронавирус инфекциясына алынған сараптама олардан оң нәтиже көрсеткен. Анықталғандардың басым бөлігі  науқастармен байланыста болған азаматтар. Арасында медицина саласының қызметкерлері де бар. Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр жалғастарады.

COVID-19-ды жұқтырғандар көрсеткіші 423-ке жетіп отыр. Дені Қызылорда мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласына тиесілі. Үшінші мегаполисте коронавирусқа шалдыққан 8 адам тіркелді. Олардың үшеуі бір отбасының мүшелері. Науқастар Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауда. Сондай-ақ, облыста да науқастардың саны 6-ға артты.
 
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
 
Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы - 1, Сайрамнан -1 науқас тіркелді. Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған. Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары.

Қауіпті дертті жұқтырғандардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау облысының мамандары. Атырау облысында төрт медбике жұқтырыпты.  Олардың үшеуі - №3 емхананың, біреуі - облыстық аурухананың қызметкерлері.

Тимур СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы тәулікте жеті адам анықталды. Барлығы стационарда ем қабылдауда. Олардың арасында 2 медициналық қызметкері де бар. Біреуі, Тайыншы аудандағы ауруханадағы зертханашы маман. Онымен байланыста болған 20 адам оқшауланды. Екіншісі - Петропавлдағы аурухананың 50 жастағы қызмкері. Қазіргі таңда барлық ем қабылдаушылардың жағдайы - қанағаттанарлық.

Бүгін COVID-19, 43 адамнан алынған сынамада расталды. Әдеттегідей Нұр-Сұлтан қаласы топ басында, мұнда 193 науқас бар.  Одан кейін - Алматы, 91 науқас емделуде. Ал, Қызылорда облысында - 26. Қарағанды облысында - 21, Ақмола облысында - 19 жағдай нақтыланған. Ем қабылдап жатқандар арасындағы 7 адамның  жағдайы ауыр. Індеттің өңірлерде де қарқын алуына байланысты, бүгін  Маңғыстау облысы мен Петропавл қаласы карантинге жабылмақ. Сонымен қатар, әлемдегі ахуалда оңалар емес. Дертті жұқтырғандар 1 миллионға жуықтаған, оның - 49 мыңнан астамы көз жұмды. 204 мыңы сауығып шыққан. 

А. Данияр