$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бюджет қаржысының тиімді игерілмеуіне жауапты кім?

AstanaTV
04.10.2017ж. 20:00
2289
Бюджет қаржысының тиімді игерілмеуіне жауапты кім?

"Бюджет қаржысы игерілмесе, бірінші басшыдан сұралады, сондықтан жауапкершілікті өзгеге аудармау керек". Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке осылай деді. Палата отырысында бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заң жобасы таныстырылған еді. Жаңа түзетулерде бюджет қаржысы игерілмесе, оған бірінші басшы жауапты деген норма өзгертілген. Яғни министрдің өзінен жауапкершілікті алып тастағанын байқаған Мәжіліс төрағасы мұнымен келіспеді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Заң бойынша бірінші басшы жауап береді. Бұл міндетті Елбасының өзі қойған. Қаржының игерілуіне облыс әкімі мен министр жауапты. Дұрыс игерілмесе, ақша ұрланса, мақсатты жұмсалмаса, мемлекеттік органның бірінші басшысы жауап береді, бірақ сіз жуапкершілікті бюджеттік бағдарлама жетекшісіне аударғыңыз келеді. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бұл сұрақ дұрыс көтерілді. біз бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне көбірек мүмкіндік берсек, олардың жауапкершілігі де болу керек және бірінші басшыдан да жауапкершілік алынбайды.

Депутаттар квазимемлекеттік саланың қарызы бойынша енгізілген түзетулермен де келіспеді. Жаңа заң жобасында аталған сектордың қарыздарын министрлікпен келісу керек деп жазылған. Ал бұл норма осыған дейін Үкімет бақылауында болған.