Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры тұрғындарға қаржылай көмек жасамақ

AstanaTV
03.04.2020ж. 20:00
2600
Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры тұрғындарға қаржылай көмек жасамақ

Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры, тұрмысы төмен тұрғындарға 50 мың теңгедей қаржылай көмек жасамақ. Бөл көмекті шамамен 150 мыңнан аса азамат алады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бүгін Фейсбуктағы парақшасында хабарлады. Қаржылай көмек 23 қаланың тұрғындарына берілмекші. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 2 мыңнан астам дәрігеріде дәл осындай қолдауға ие болмақ. Бауыржан Байбек қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін Үкімет қолға алған шараларға оң бағасын беріп, бүгінгі қиындықты еңсеру үшін ауызбіршіліктің болуы маңызды екенін жеткізді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Мемлекет басшысының басшылығымен Үкімет пен әкімдер алдын ала белсенді жұмыс жүргізуде. «Мықты Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» формуласы дағдарысты кезеңде өз тиімділігін көрсетуде. Бүгінде Президент ұсынған қолдау шаралары - ТМД елдері арасында ең көлемді, жүйелі және ресурспен қамтамасыз етілген дағдарысқа қарсы жоспар болып отыр. Оны жүзеге асыру үшін бюджеттен және Ұлттық қордан 5,9 трлн. теңге бөлінді.

А. Мүтәлі