Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордада төтенше жағдай талаптарын бұзған 560 адам жауапкершілікке тартылды

AstanaTV
03.04.2020ж. 20:00
1963
Елордада төтенше жағдай талаптарын бұзған 560 адам жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай талаптарын бұзған 560 адам жауапкершілікке тартылған. Олардың 100-ге жуығы қамауға алынып, қалғанына әкімшілік жаза қолданылды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының қалалық партиялық бақылау комитеті жүргізген арнайы рейд кезінде белгілі болды. Партия мүшелері шаһардағы ірі 7 бақылау бекетінің жұмыс қарқынымен танысты. Бақылау комитетінің төрағасы Мирас Шекенов жұмыстарды әлі де күшейтетіндерін жеткізді.

Мирас ШЕКЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бақылау бекеттеріндегі жұмысшылар алдыңғы шепте қызмет етуде. Жұмыс қарқынды. Әрине мұндағылар қауіпті індеттің таралмауы үшін бар күшін салып жатыр. Оларға айтар алғысым шексіз. Алайда жұмысты одан әрі күшейте түсу қажет.

Ғ.Өтемісов