Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Оралда көпқабатты үйдің төбесінде баласымен серуендеген азамат табылмады

AstanaTV
03.04.2020ж. 20:00
1726
Оралда көпқабатты үйдің төбесінде баласымен серуендеген азамат табылмады

Оралда баласын бесік арбаға отырғызып, тоғыз қабатты үйдің төбесінде серуендеген азамат кім? Оны жергілікті полиция таппады.

Мына видео кешелі-бері әлеуметтік желіде тараған болатын. Артынша полиция оқиға орнына жеткенімен төбеде серуен құрған адамды таппаған. Тұрғындар да үйдің төбесіне кімнің шыққанынан хабарсыз болып шықты. Осылайша бұл іс жылы жабылды. Дегенмен Оралда енгізілген тәртіпті бұзғандар азаяр емес. Тіпті карантинге жатқызылған бір адамның емдеу мекемесінен қашып кеткені анықталып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Айта кетелік, Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 2 науқас бар, тағы 100 адам стационарда бақылауға алынған.

БЛИЦ:

-Бізде балалар көп.балалрдың қауіпсіздігі.жалпы қазақта сөз бар ғой «сақтансаң,сақтаймын»-, деген.Жалпы сақтанған дұрыс.

-Бізден ешкім келісім сұраған жоқ.Тек ғана ватсап арқылы келді.Осылай микрорайонды жабайын деп жатыр деген.


Бұл - Қостанайдағы шағын аудан тұрғындары. Олар қауіпті індеттен қорғану үшін өздерін оқшаулауды жөн көріпті. Қала билігі де қалың жұрттың ұсынысын қолдап, блок-бекет орнатып берген. Бұл маңда жеті мыңнан астам адам тұрады. Бүгіннен бастап көлігі бар көпшілік жалғыз блок-бекет арқылы өтеді. Тұрғындардың өздері кезекпен тізім бойынша тексеріп, кіргізуде. Ал, бөтен адамдарды өткізбейді.

Е. Карин