$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Миллион теңге табысы бар азаматтар да 42 500 тг өтініш берген

AstanaTV
06.04.2020ж. 20:00
4333
Миллион теңге табысы бар азаматтар да 42 500 тг өтініш берген

Миллион теңгеден астам табысы бар азаматтар да, 42 мың 500 теңге алу үшін өтініш берген. Бірақ оларға бұл жолы қаражат бөлінбейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді. Шенеунік олардың карантинге байланысты табысынан айырылып, жәрдемақыға мұқтаж болып қалғанын жоққа шығармайды. Бірақ наурызда табысы жоғары болғандарға әзірге қаражат бөлінбейтінін айтты. Сондай-ақ министр бір азаматтың бірнеше өтініш жіберу мәселесіне тоқталды.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:


Бізге әлеуметтік төлем алуға 1 миллион 284 мың өтініш түсті. Бірақ олар 938 мың адамнан қабылданды. Ол дегеніміз бір адам бірнеше рет өтініш тастап жатыр. Мүмкін қателесіп жіберген шығарсыздар. Алайда екі үш рет өтініш берсем, екі-үш рет аламын десеңіздер, қателесесіздер.

Сондай-ақ министр декретке шыққанына бір жыл болған аналар да 42 мың 500 теңге иек арта алатынын айтты. Жалпы бүгінгі күні мемлекеттік жәрдемақыға өтінім бергендер саны 900 мыңнан асады.

Ә. Өмірзақ