$457.7 €492.81 ₽6.49
×

Алматыда азық-түлік себетін таратуға, "Қазпошта" да жұмылдырылды

AstanaTV
06.04.2020ж. 20:00
1978
Алматыда азық-түлік себетін таратуға, "Қазпошта" да жұмылдырылды

Алматыдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себетін жеткізуге «Қазпошта» қызметі де жұмылдырылды. Пошта қызметкерлері азық-түлік жиынтығын үйдің алдында қалдырып, тиесілі отбасыға хабар береді. Ал, тұрғындар сәлемдемені өздері шығып алуы керек. Бұл -карантин кезіндегі санитарлық талап. Айта кетейік, "Бізбіргеміз" акция аясында бүгінге дейін әлеуметтік көмекті қаладағы бес мыңнан аса аз қамтылған, көп балалы және ардагерлер алып үлгерген.

Мәди АХМЕТОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ «JAS OTAN» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Байланыссыз күніне мыңға жуық Алматы қаласы бойынша осы "Қазпоштаның" жеткізушілері арқылы азық-түлік себеттерін жеткізу, әлеуметтік көмекті көрсету қолға алынатын болады. Жалпы, жоспарда 18 мың отбасын әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жоспарлағанған.

Ал күн сайын мегаполистің мыңға жуық тұрғыны әлеуметтік көмекті алып жатқанын жеткізді. Осындай қамқорлық көп балалы әке Мәлік Тұрсынжановқа да бұйырды. Ол каратин кезінде мұндай көмекті күтпегенін айтты. Сондықтан партиялықтарға алғыс білдірді. 

Мәлік ТҰРСЫНЖАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН:

Бес баланың әкесімін осындай қиын-қыстау кезде бізге көмектесіп жатқан жатқандарыңызға рахмет! Алғысым шексіз. Еліміз тыныш болсын! Қиын заман өтіп кетсін!

А. Кемелжан



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар