Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Алтын Орда» базары маңындағы жолды жөндеу қарашада басталады

AstanaTV
04.10.2017ж. 20:00
2337
«Алтын Орда» базары маңындағы жолды жөндеу қарашада басталады

Алматыға батыс қақпа арқылы кіретін «Алтын Орда» базары маңында жоспарланған жол құрылысы бір айдан кейін басталады. «Қазавтожол» мекемесі қыркүйек айының соңында құрылысты жүргізетін мердігер компанияны анықтаған. Қазір дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Құрылыс кәсіпорны қараша айында жұмысты бастауға дайын. Бұл туралы «Қазавтожолдың» басшылары мәлімдеді. Он жолақты жолдың ұзындығы 3,8 шақырым, оған  бюджеттен 12 млрд теңге қаралған. «Апорт» сауда орталығы, «Асыл арман» тұрғын үй кешені, «Алтын орда» базары мен Райымбек кентінің тұсынан арнайы жол үсті өткелдері салынбақ.  Алматы-Бішкек трассасы бойында жатқан күре жолдың кіре берісіндегі сауда орталықтары көп жылдан бері көліктің қалаға кіріп-шығуына кедергі келтіріп тұр. Әсіресе шаһарға жұмыс істеу үшін келетін жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына ыңғайсыздық тудыруда. Енді сауда орындары артқа жылжытылып, көлік жолы біршама кеңитін болады.

Қуаныш Ескендіров, «Қазавтожол» ҰК Алматы филиалы жетекшісінің орынбасары:

Бұл жоба 2019 жылға дейін есептеліп отыр. Сол уақытта барлық жұмыстар аяқталуы тиіс. Ол мерзімге дейін қосымша айналма жолдар салу қарастырылған. Ал көлік нөпірі мүлде сыймай жатса, қазіргі қолданыстағы жолдың бір бағыты ашық қалдырылады. Осылайша  құрылыс біткенше амалдауға тура келеді.