$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Коронавирус жұқтырғандардың саны 29 пайызға артқан, - ҚР ДСМ

AstanaTV
07.04.2020ж. 20:00
2513
Коронавирус жұқтырғандардың саны 29 пайызға артқан, - ҚР ДСМ

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 29 пайызға артқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бүгін тағы 23 адамнан індет анықталыпты.  Республика бойынша дертке шалдыққандардың жалпы саны 685-ке жетті. Ең көп науқас: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Қарағанды мен Қызылорда облыстарында тіркеліп отыр. Ал, 50 науқас дертінен айығып шыққан.  Тағы 6-уы қайтыс болды.

Диас АХМЕТШӘРІП, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 119 жағдайы расталған. Қазіргі уақытта инфекциялық ауруханада 99 науқас емделуде. Оның 4-еуі бала. Бүгін кеселді 3 адам жұқтырғаны белгілі болды. Дәрігерлер олардың 2-еуінің жағдайын орташа ауыр, 1-і ауыр деп бағалап отыр. Науқастармен байланыста болған барлық адамдар карантинге орналастырылды.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

80 науқастың жай-күйі - қанағаттанарылық. 4 пациентте ауыр.  2 ересек адамның жай-күйі өте ауыр. 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде. Оның ішінде облыс тұрығыны бар. Провизорлық орталықтарда 318 адам бар. Оның ішінде 35 бала.

А. Данияр