Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Елбасы Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Елбасы Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Дағдарыстан кейінгі кезеңде не істейтінімізді ойластыруымыз керек. Елбасы Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы өз кезегінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Елбасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне де тоқталды. Оның пайымынша коронавирустың салдарынан ел экономикасына келетін залал, бұған дейін болған дағдарыстардан да ауыр болуы мүмкін. Бұл мақсатқа Ұлттық қор мен Үкімет резервінен 10 миллиард доллар бөлінгенін жеткізді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚР ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Енді мәселе, бұдан кейін не істейміз? Экономикалық жағдай елде қиын боп жатыр. Біздеде оңай емес. Бірінші тоқсанның январь, февраль, марттың жағдайын қарадым. Жаман емес. Әрине, бұның салдары әлі тиген жоқ. Екінші кварталда қиын болады. Сондықтан азық-түлік мәселесі және ШОБ-ты аяғына тұрғызу мәселесі өте керек боп тұр.

А. Мүтәлі