Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елбасы әрқашан да халқымен бірге, - Н.Нығматулин

AstanaTV
08.04.2020ж. 20:00
1518
Елбасы әрқашан да халқымен бірге, - Н.Нығматулин

Елбасының "Бірлесе білген ел, бәрін жеңеді" мақаласы, халықтың ынтымағын нығайтуға серпін береді. Нұрлан Нығматулин бүгін мәжілістің пленарлық отырысында аталған мақалаға қатысты пікір білдірді. Қазіргі жағдайдан шығуға пайдаланылатын Ұлттық қор, Тұңғыш Президенттің көреген саясатының дәлелі деді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елбасының көреген саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдары бірлігіміз артып, елімізде ірі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалып, Қазақстанымыз барлық салада зор табыстарға жетті. Сонымен бірге, болашаққа арналған Ұлттық қорымыз да бар. Бұл қазіргі күрделі кезеңде халқымызды, әрбір азаматты жан-жақты қолдауға мүмкіндік беріп отыр.

Мәжілісмендер үндеудің негізгі мақсаттарының бірі халықты қолдау екенін айтты. Елді сабырлыққа шақырып, бірлесе қиындықты еңсеруге үндейді. Депутаттар осыны айта келе, бұл сынақтан өтіп қана қоймай, нығая түсетінімізге сенімді.

Шавхат ӨТЕМІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Осындай Қазақстан қиын кезеңге ұшырағанда Қазақстандықтарды қолдауға бағытталған деп түсінемін. Бұл мақалада Елбасы ең алдымен халқымызды бірлікке, сабырлыққа шақырып отыр. Шын мәнінде қазір үрейге еш орын жоқ.

Мансұрхан МАХАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қандай қиындық болмасын біз ол қиындықты жеңіп қана қоймай нығайып шығамыз, қатайып шығамыз. Келешекке қадамымыз нық болады. Міне, осы мәселені айтып отыр.

Ә. Өмірзақ