Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әйелін өртеп жіберген қылмыскер 15 жылға сотталды

AstanaTV
08.04.2020ж. 20:00
1951
Әйелін өртеп жіберген қылмыскер 15 жылға сотталды

Нұр-Сұлтанда әйелін жауыздықпен өртеп жіберген қылмыскер 15 жылға сотталды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, айыпталушыны кінәлі деп таныды. Сот қылмысты жеңілдететін мән-жайлар ескерілгенін айтты. Сондай-ақ  марқұмның туыстары талап еткен 4 миллион теңгені өндіруге қаулы шығарды.

Ботагөз БАЯНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Өмірбеков жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

Еске сала кетейік, жұрттың жағасын ұстатқан оқиға былтыр күзде ел астанасында болған еді. Ажырасып кеткен күеуі Түркістан облысынан әйелін, астанаға іздеп келіп, артынша айдалаға апарып, өртеп жіберген. Денесінің 75 пайзын күйік шалған жәбірленуші, араға бір ай салып дүние салған болатын. Олардың артында 6 баласы қалды. Балалар қазір туысқандарының қамқорлығында. 

Ғ.Өтемісов