Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылорда облысында 92 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

AstanaTV
09.04.2020ж. 20:00
2999
Қызылорда облысында 92 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 92 адамға жетті. Ең жасы - 8 жастағы қыз бала болса, ең үлкені 76-дағы ер адам.  Арасында жүкті әйел де бар. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты.

Жақсылық АБДУСАМЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ол әйел бірден сол жерге оқшауланды. Сөйтіп анализ алынған болатын. Қазіргі таңда дәлелденіп отыр нақтыланып. Екінші жағынан түнде аман-есен босанып, өмірге қыз баланы әкелді. Хаттамаға сәйкес біз нәрестені оқшауладық. Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайлары қалыпты. Дегенмен де біз сақтық үшін баланың да анализін алатын боламыз.


Осылайша, Сыр өңірі кеселді жұқтырған аймақтардың үштігіне қосылды. Науқастардың дені Шиелі ауданында тіркелген. 43-і Шеген Қодаманов ауылының тұрғындары. Бүгінде кеселден емделіп жатқандармен 1000-нан астам азаматтың байланыста болғаны анықталды. Өңір басшылары дертті адамдар көбейгенімен халық төтенше жағдай режиміне бей-жай қарайтынын жеткізді. Ал, Елордада жеке такси жүргізушісінен коронавирус табылды. Ол туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жариялады. Жалпы Республика бойынша індетті жұқтырғандың саны 764-ке жетті. Оның 60-ы дерттен айығып шықты. Өкінше орай 7 адам қайтыс болды.

А. Данияр