Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодар облысында дала өртеніп ауыл тұрғындары эвакуацияланды

AstanaTV
09.04.2020ж. 20:00
2327
Павлодар облысында дала өртеніп ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Павлодар облысында дала өртеніп, бүтін бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.  Жалынның қатты болғандығы соншалық, ауыл қою қара түтіннің құшағанда қалған. Осыдан қауіптенген жергілікті билік халықты қауіпсіз жерге көшіріпті.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Шарбақты ауданында 3 бірдей ауылда құрғақ шөп жанған. Соның салдарынан қызыл жалын лезде лап беріп, ауылға қауіп төндірді.

Сондықтан өрт ошағына ең жақын орналасқан Қосқұдық ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Жалын шарпыған аумақ 1 мың гектарды құрайды.

Ернұр ӨТЕГЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:

Сондықтан алдын ала сол ауылдан 14 адам, оның ішінде 4 әйел адам Шарбақты ауданына жіберілген болатын. Қалған 30 тұрғынның 16-сы сол ауылда қалды. Оның көбі жанағы сол өрт сөндіруге өзінің ықпалын тигізді.

Сондай-ақ, бұл күні бұдан өзге 6 учаскеде өрт болған. Салдарынан өрт сөндірушінінің бірін күйік шалды. Дәрігерлер оның жағдайы қазір қалыпты екенін айтады. 

Соңғы бір аптада өңірде өрт ошағының 140 фактісі тіркелді. Оның 60-тан астамы далалы алқаптарда болған. Келтірілген шығын көлемі әзір белгісіз. Құтқарушылардың алдын ала болжамы бойынша келеңсіздікке тұрғындардың шабындық жерлерде қалған ескі шөптерді өртеуі себеп болған. 

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Қазіргі күні Шарбақты ауданында өрт толығымен сөндірілді. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Елді-мекендерге төнген қауіп жоқ - деді.

Ө. Қуанар