$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Шардара су қоймасында балықтардың ауруға шалдығуына қыстың тым жылы болуы себеп, - мамандар

AstanaTV
09.04.2020ж. 20:00
2629
Шардара су қоймасында балықтардың ауруға шалдығуына қыстың тым жылы болуы себеп, - мамандар

Шардара су қоймасындағы балықтар «Псевдомоноз» ауруына шалдыққан. Зертханалық сынаманың қорытындысы осындай. Мамандар мұндай кеселге шалдығуға ауа- райы себеп болған деді. Өйткені биыл аймақта қыс тым қысқа, әрі судың жылы болғанын айтады. Әдетте балықтар қыста тереңге кететін, алайда соңғы екі жылда Шардарада толыққанды қыс болмады деп отыр. Енді олар балықтарды мелиоративтік аулау тәртібімен судан шығарып, термиялық өңдеуге жібермекші.

Мейіржан ӨМІРӘЛИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Температураның жылы болуынан балықтар қыстау уақытында белсенді қозғалыста болғандықтан ауруға шалдыққаны белгілі болды. Қазіргі таңда сараптама қорытындысына сай әуесқойлық балық аулау уақытша тоқтатылды.

Еске салайық, наурыз айында әлеуметтік желіде Шардара су қоймасында көптеген балықтардың жағаға шығып қалғаны туралы бейнежазба тараған болатын. Қабыршағы түсіп қалған жаралылардың дені мөңке балықтар. Жедел түрде олардан сынамалар алынған еді. Мамандар шамамен 400 келідей балықты жинап, қауіпсіз жерге көміп тастағандарын айтты.

А. Төребекқызы


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах