Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Коронавирус алдағы 2 аптада ушығуы мүмкін, - Б.Жақсылықова

AstanaTV
10.04.2020ж. 20:00
2394
Коронавирус алдағы 2 аптада ушығуы мүмкін, - Б.Жақсылықова

Коронавирустың алдағы 2 аптада ушығуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрілігінің жауапты хатшысы осылай деді. Бұдан бөлек, COVID-19-дың құрбандары күн санап артуда. Бүгін тағы 2 өлім дерегі тіркелді. Олар: Алматы мен Павлодар қаласында ем алып жатқан науқастар болатын. Тақырыпты елдегі жағдайды бақылап отырған әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады. 

Керекуде оронавирус жұқтырудың екі дерегі тіркелгені ресми түрде расталды. Өкінішке орай, соның біреуі - 84 жастағы ер адам дүние салды. Денсаулығы сыр берген қария 8-сәуір күні полисегментарлы пневмания диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Сол күні науқастан дереу сараптама алынып, нәтижесінде індеттің бары анықталыпты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы марқұмның 2 жылдан бері басқа да созылмалы ауруларымен есепте тұрғанын жеткізді. Сонымен қатар, қаладағы №1 қалалық аурухана мен 3 көпқабатты тұрғын үйдің карантинге жабылған.
 
Біржан ДОСМАИЛОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бронх демікпесі, өкпенің обструктивті созылмалы ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, үшінші дәрежелі артериялық гипертензиясы және көкірек терісінің қатерлі ісігі" диагноздарымен есепте тұрған. Байланыста болған адамдар анықталды. Бұл 118 адам, 50-i ауруханаға жатқызылды, 65-i үй карантинінде.

Қайтыс болған екінші науқас, Алматы қаласында тіркелді. Ол 1956 жылғы әйел адам. Марқұм дертті адаммен байланыста болу арқылы жұқтырған. Дәрігерлер оның екі жақты полисегментті пневмонияның ауыр ағымы, өкпенің ісінуі сияқты кеселге шалдыққанын айтты. Сондай-ақ Тілеухан Әбілдаев көз жұмған әйелдің антибиотиктерге аллергиясы болғанын жеткізді.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылған болатын. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің - тыныс алу, қан тамырлары жүйелерінің жеткіліксіздігінің дамуымен прогрессивті нашарлады. 9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23:50-де биологиялық қайтыс болғаны анықталды.

Күні кеше Қызылордада жүкті әйелден індеттің табылғанын айтқан болатынбыз. Оның нәрестесіне де сараптама жүргізілген еді.  Дәрігерлер сәбиден COVID-19 анықталмағанын хабарлайды. Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ақмола облысындағы "Шапағат" арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 38 адамнан вирус табылғанын айтты. Оның 37-сі қамқорлыққа алынған қарттар болса, 1-еуі мекеме қызметкері.

Ботагөз ЖАҚСЫЛЫҚОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

Бірінші жағдайда КВИ диагнозы науқас қайтыс болғаннан кейін анықталды. Яғни инфекцияны кім алып келгенін нақтылау мүмкін емес.

Айта кетсем, бүгін инфекцияны жұқтырған 21 жаңа жағдай тіркелді. Жалпы науқастар саны республика бойынша 800ден асты. Оның 63-і дерттен сауығып шықты. 9 адам қайтыс болды. Қазір 18 емделушінің жағдайы ауыр.

А. Данияр