Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нұр-Сұлтанға Қытайдан 10 дәрігер көмекке келді

AstanaTV
10.04.2020ж. 20:00
2394
Нұр-Сұлтанға Қытайдан 10 дәрігер көмекке келді

Нұр-Сұлтанға Қытайдан 10 дәрігер келді. Олар жарты ай бойы отандық дәрігерлерге қауіпті індетпен күрес жүргізу жөнінде өз тәжірибелерімен бөліспек. Шыңжаңнан келген ақ халаттылар тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана емес, Алматы және Қарағанды қалаларына да баратын болады. Білікті мамандардан бөлек, елге 5,5 тонна медициналық жабдықтар да жеткізілген. Жұқпалы аурулар дәрігері Лу Сяобо елордадағы әріптестерінің жұмысына оң баға берді. Ол карантин режимі коронавируспен күресте жақсы ықпал ететінін айтты.

Лу СЯОБО, ДӘРІГЕР:

Біз Нұр-Сұлтанға кеше келдік. Бірақ екі күн ішінде мұнда жұмыс жақсы жүріп жатқанын көрдік, әсіресе, карантин. Көп әріптесіміздің бетпердемен жүргенін, тіпті, осы жерге алып келген жүргізушінің өзі арнайы киіммен жүргенін көрдік. Әзірше сіздердегі жағдай жақсы деп ойлаймыз. Ал, біз өз тарапымыздан барынша пайдалы ақпараттармен бөлісеміз.

Ғ.Өтемісов