Негізгі / Жаңалықтар / "Nur Otan" партиясының Алматы қалалық филиалы 23 мыңнан астам әлеуеті төмен адамдарға қаржылай көмек аудармақ

"Nur Otan" партиясының Алматы қалалық филиалы 23 мыңнан астам әлеуеті төмен адамдарға қаржылай көмек аудармақ

Елбасының "Біз біргеміз" бастамасын алматылық кәсіпкерлерде қолдады. Жергілікті бизнесмен Вахид Гасанов жалпы соммасы миллион теңгеге жуықтайтын, ауыз су мен антисептик жиынтығын әзірлепті. Қорғаныш құралдарын жасотандықтар шаһардың қауіпсіздігін тәулік бойы қадағалап тұрған 27 блок посттағы сақшыларға, сарбаздарға және санитарлық дәрігерлерге таратты.

Вахид ГАСАНОВ, КӘСІПКЕР:

Мұндай қиындықтар жас мемлекетіміздің басынан өткен. Сол кезде де жомарт жандар көмек көрсеткен еді. Менде бабаларымның ісін жалғап, қазақ еліне осындай қиын күндері қолдан келгенше көмек көрсетуге шешім қабылдадым. Барлық кәсіпкерлерді мұндай бастамадан кенде қалмай, қол ұшын созуға шақырамын.

Карантин кезіндегі көмектің бірі - мұқтаж азаматтарға 50 мың теңгеден көмек көрсету де қарқын алған. «Birgemiz» Республикалық корынан қаржыландырылатын «Almaty Birgemiz» қоры, бүгінгі күні 21 тұрғынға қаржылай көмек көрсетіпті. Бұл тізімге негізінен аз қамтылған, көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетімдер және зейнетақысы төмен қарттар іліккен. Аталған төлем жалпы саны 23 мыңнан астам алматылыққа беріледі. Оған қоса 4500 тұрғын азық-түлік себетімен қамтылған.

Станислав КАНКУРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір 90 пайыз жұмыс атқарылды. Қалған тұрғындарға бес жұмыс күнінде аталған 50 мың теңге аударылады. Бұл қаржы несие үшін, салық үшін ұсталмайды. Ал, Республикалық «Біргеміз» қорынан 2 миллион бетперде беріледі. Олар 40 мың адамға таратылмақ.

А. Кемелжан