Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 470 мыңға жетті, 16 мыңнан астам адам көз жұмды

AstanaTV
10.04.2020ж. 20:00
1910
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 470 мыңға жетті, 16 мыңнан астам адам көз жұмды

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 470 мыңға жетті. 16 мыңнан астам адам көз жұмды. Ақ үй қожайыны бүгін осындай қаралы хабар таратты. Дегенмен Колорадо мен Луизианна штаттарында жағдай жақсарып келеді, - деді. Нью-Йоркте жағдай әлі ушығып тұр. Бір күнде 799 адам қаза тапқан. Ал Чехия мен Үндістанда карантин режимін жеңілдету қолға алынды. Енді бұл елдердің тұрғындары көшеде спортпен айналысып, дәмхана, мейрамханаларға бара алады. Ал сауда орталықтары жұмыс істеуге рұқсат алу үшін, келушілерге арнайы қолғап пен кіре-беріске дезинфекция құралдарын қоюы тиіс. Еске сала кетсек бұған дейін де Аустрия, Норвегия және Дания каратин режимін жеңілдеу шараларын бастаған еді. Айта кетейін әлемде Covid-19 жұқтырғандар 1 миллион 700 мыңға жуықтады. 98 мыңға тарта науқас вирус құрбанына айналды. 370 мыңдайы дертінен айығыпты.

Ә. Өмірзақ