Бүгін Нұр-Сұлтанда #BizBizrgemiz акциясы аясында астаналықтарға 200 қорап азық-түлік үлестірілді. Негізінен мұқтаж отбасылардан жиыны 30 мың өтініш түсіпті. Еріктілер көмегімен бүгінгі күнге дейін солардың 8 мыңына азық-түлік таратылған. Қорапта ұн, тұз, қант-шай, дәнді дақылдар мен макарон өнімдері және сұйық май бар. "Нұр Отан" партиясы мен қала әкімдігі ұйымдастырған акцияға көптеген кәсіпкерлер қолдау танытқан. Олар қаражатты тікелей дүкендерге аударып жүр.
Дәурен БАБАМҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:
Оның бәрі кәсіпкер емес. Арасында қарапайым азаматтар да бар. «Мен 10 отбасына, мен 20 отбасына көмектесейін», деп келіп жатқан қарапайым азаматтар бар. Бірақ бұл іс-шараның бәрі #BizBizrgemiz акциясы шеңберінде және толық қанды қалалық әкімшіліктің бақылауында.
Азық-түлік себеті мұқтаж жандарға әзірге бір реттен ғана берілуде. Себебі өтініш беріп жатқан отбасылар өте көп.
Халида НЕФЕДОВА, ІІ-ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК:
Шәй екі пачка, міне май. Май екі буытлка екен и макарон үш пачка. Рахмет. Бұл бізге на долго жетеді балам.
Д. Мұхаммедкәрім