Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкентте азық-түлікке сұраныс екі есе артқан

Шымкентте азық-түлікке сұраныс екі есе артқан

Күнгейде азық-түлік тауарларына сұраныс екі есе артқан. Бұл жайында бүгін «NUR OTAN» партиясының Шымкенттегі партиялық бақылау комиссиясы «Санжар» логистикалық орталығына барған кезде белгілі болды. Әсіресе ұн, қант, сұйық май, макарон өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Нұротандықтар көтерме сауда қоймасында азық-түлік жеткілікті екеніне көз жеткізді. Бұл қоймада Шымкент пен Түркістан облысына қажетті тауарлардың 30 пайызы сақталады. Әрі баға да тұрақты,- деді қоймадағылар.

Альбина ЕЛШИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:


Өндіруші бағасын көтермеген. Жаңа складтарда айтып жатыр баға көтерілмеген. Бірақ магазинде яғни яғни ортадағы алған посредник ол значить бағасын көтеріп отыр шамалы, енді былай анау айтқандай ажиотаж жоқ, дефицит жоқ өздеріңіз көргендей.

Логистикалық орталыққа теміржолмен де, жүк көлігімен де тауар көптеп келіп жатыр. Дегенмен қоймадағы тауарларды дүкендерге дер кезінде апаруда мәселе туындаған. Нұротандықтар бұл проблеманы тиісті орындарға хабарлап, мәселенің шұғыл шешілуіне ат салыспақ. 

А. Төребекқызы