$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда инспекторлардың жағасына жармасқан браконьерлердің кім екені анықталды

AstanaTV
15.04.2020ж. 20:00
4004
Атырауда инспекторлардың жағасына жармасқан браконьерлердің кім екені анықталды

Атырауда браконьерлер балық инспекторларына қарсылық білдіріп, оқиға орнынан қашып кетті. Жайық өзенінен заңсыз балық аулап жүрген қала маңындағы Ракуша ауылының 4 тұрғыны енді Қылмыстық Кодекстің екі бірдей бабымен жауапқа тартылмақ. 

Заңсыз балық аулаушылар инспекторлардың сап ете қалатынын күтпесе керек. Бірі мотоцикл көлігін өртеп, екіншісі құқық қорғаушылардың жағасына жармасты.  Осылай олар оқиға орнынан қашып үлгерген. Алайда полиция департаменті заңсыз балық аулаушылардың кім екенін анықтады. Енді оларды ұстау шаралары жүріп жатыр.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Балық қорғау инспекциясы қызметкерлеріне бағынбаған белгісіз азаматтарды анықтады.  Сотқа дейінгі тергеу ҚК екі бірдей бабы 335, яғни балық ресурстарын,  басқа су жануарларын заңсыз алу және 379 бап билік өкіліне бағынбау бойынша жүргізілуде.

Б. Надирқызы