Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Көшеде себепсіз жүрген тұрғындар әкімшілік жазаға тартылып жатыр

AstanaTV
15.04.2020ж. 20:00
2878
Көшеде себепсіз жүрген тұрғындар әкімшілік жазаға тартылып жатыр

Көшеге түрлі себеппен шығатын елордалықтардың саны көбейген. Бұған қалалық полиция департаменті жүргізген арнайы рейд кезінде әріптесім куә болды. Үйде отыру қиын, дегенмен тәртіп болмаса індетті жеңу мүмкін емес, дейді тәртіп сақшылары.

Бүгін азық-түлік дүкеніне және қоқыс алып шыққандардың қарасы қалың. Айыппұл салатындай ереже бұзушылық анықталмады, сондықтан тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарымен шектелді.

Ауладағы және көше бойындағы тәртіпті күзетуге полицейлер мен әскерилер бірге жұмылдырылған. Олар халық арасында вирустың таралу қаупіне аса мән бермейтіндер, кейде тіпті қарсылық та көрсететіндер кездеседі, - деді. 

Марат ӨМІРБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ САРЫАРҚА АПБ ЖПҚБ БАСТЫҒЫ:
 
Арнайы топтарға бөлініп, әрқайсысы белгілі бір әкімшілік учаскілерді қадағалайды. Үш адамнан, оған ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскерилер кіреді. Кейде біз айтқан дүниені түсінбей, негативті қылық көрсететіндер бар. Біз оларды әкімшілік жауапкерлішікке тартамыз. Бірақ өздеріңіз байқағандай көбі алғашқы ескертуден кейін жағдайды түсініп, тәртіпке бағынады.

Сондай-ақ көліктігіңіз бұзылған жағдайда, оны тек гаражда жөндей аласыз. Оған көнбесеңіз айыппұл салынбақ. Дегенмен полиция карантин қиындықтарын ескеріп, тұрғындарға жеңілдік жасады.

Шалқар СЫРЛЫБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ САРЫАРҚА АПБ ЖПҚБ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

Қазір жөндеу орындары жабық қой барлық жерде. Далада жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды, айыппұл салынады.

Жалпы бір тәулікте ереже бұзған 142 елорда тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 9-ы қамауға алынса, 97-ісіне айыппұл салыныпты.

Ә. Өмірзақ