Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылордада әлеуметтік дүкендер ашыла бастады

AstanaTV
16.04.2020ж. 20:00
3917
Қызылордада әлеуметтік дүкендер ашыла бастады

Қызылорда да бағаны тұрақтандыру үшін әлеуметтік дүкендерге үлкен салмақ түсті. Ал, қалаға қарасты елді-мекендерге арнайы көліктер жіберілді. Мақсат - карантин кезінде халықты сапалы, әрі қолжетімді бағада азық-түлікпен қамту.

Карантин басталғалы аймақта ұн, картоп, көкөніс бағалары 4 есеге дейін  қымбаттап кетті. Онсызда үрей құшағындағы тұрғындар бағаның ырық бермей бара жатқанына наразылықтарын да білдіре бастады. Жергілікті билік, сөрелер бос қалмас үшін тұрақтандыру қорының қоймасын маңызы бар тауарларға толтырды. Екі жарым мың тонна азықпен қамданған олар алаңдауға негіз жоқ деді. Тіпті кәсіпкерлердің құйтырқылығының алдын орау үшін әлеуметтік дүкендерді аша бастапты. 

Лаура ЖАНАСБАЕВА, «АЛТЫН ҚАМБА» ЖШС ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Кортоптын бағасы әлеуметтік дүкендерде 100 тенге сатылып жатыр, бас пияз-60 теңге, сәбіз-90 теңгеден. Жалпы бізде тұрақтандыру қорында өнімдердің бағасы нарықтық бағадан 40 пайызға дейінгі төмен бағаны ұстап тұр, барлығы әлеуметтік тізім бойынша. Тапшылық жоқ.


Қалада 26 әлеуметтік дүкен есігін ашты. Бүгінгі күні алып сауда үйлеріне қарағанда, олардың тасы өрге домалап тұр. Өйткені, азығы-сапалы, бағасы-тиімді. Нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен саудалауда.

Нұрсұлтан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «АЛТЫН ҚАМБА» ЖШС БАС МАМАНЫ:


Дүкендерге күніне 15-20 қаптан картоп, 3 қаптан сәбіз, 5 қаптан жуа, 3 қаптан капуста өнімдері жеткізіліп жатыр. Алты көлік шығарып отырмыз. Фургон газельдермен тасып жатырмыз. Қалада 6 бағытта жүріп жатыр. Екі мезгіл тасиды күніне.

Қарантинде қалаға кіре алмай қалған іргедегі елді-мекен, саяжай тұрғындарына бүгіннен бастап, мобильді дүкендер, яғни көліктер жол тартты. Ал қойманың тиісті қоры тапсырыс бойынша толтырылып тұрмақ. Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауаларлардың бағасы көтерілмеуі тиіс. Бұл - ел Президентінің тапсырмасы болатын.

Ш. Сактапова