Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Коронавирус пандемиясынан кейін, ел экономикасы қарыштап дамиды - Е. Ертісбаев

AstanaTV
17.04.2020ж. 20:00
3575
Коронавирус пандемиясынан кейін, ел экономикасы қарыштап дамиды - Е. Ертісбаев

Коронавирус пандемиясынан кейін ел экономикасы қарыштап дамиды. Бұл - қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаевтің болжамы. «Zonakz.net» интернет порталына берген сұхбатында ол , қазақстандықтарды оптимизмге шақырды. Ол мемлекеттік аппараттың эпидемияға қарсы күрес жұмыстарын жоғары бағалады. Ермұхамет Ертісбаев төтенше жағдай режимін енгізу шешімін құптағанын айтты. Бұл ретті көрші Ресей де Қазақстанның үлгісіне жүгінгенін атап өтті. Дертті жеңгеннен кейін, елді жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімді.

Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

 
Пессимистік көзқарас танытуға болмайды. Үкімет өз міндетін жақсы атқаруда. Президенттің де сарабдал саясат жүргізіп жатқанын айтқым келеді. Елбасы да бағасын берді. Мен экономика күрт көтерілетініне сенемін, өйткені пандемия кезінде халық жұмысын сағынды. Шағын және орта бизнес те жаңа леппен жұмысқа кіріседі.

Ғ.Өтемісов