Негізгі / Жаңалықтар / Шымкентте қауіпті індеттен 9 адам сауығып шықты

Шымкентте қауіпті індеттен 9 адам сауығып шықты

Шымкентте COVID-19 жұқпасынан тоғыз адам жазылып шықты. Олардың барлығы бір отбасы мүшелері. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.  Үшінші мегаполистегі сауығып шыққандар мен коронавирус диагнозы расталғандар жайында өңірдегі әріптесім баяндайды.

Дертінен сауыққандардың екеуі бала. Оның бірі 1 жасқа да толмаған. Қалғаны ересектер. Бұған дейін COVID-19 анықталған науқастардың, ем-домнан кейін зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсеткен.                                                             

Айгүл БЕКБАУОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Денсаулық жағдайлары жақсы. Олар медициналық қызметкерлердің уақытылы көмек көрсетуінің арқасында айығып шықты. Осыған байланысты карантин үш ошақтан алынады, Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі және Мақталы көшесі.


Алайда, індет жұқтырғандар жоқ емес. Соңғы екі тәулікте алты адамнан жұқпа анықталған. Соның төртеуі медицина қызметкері.

Айгүл БЕКБАУОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Кеше жұқпалы аурулар ауруханасынан реанимациялық бөлімнен үш қызметкер анықталды. 32 және 45 жастағы екі медбике және 22 жастағы бір санитарка. Қалада коронавирустық инфекция анықталған уақыттан бастап бізде жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері тұруға арналған қонақ үйі оқшауланып, сол жерде осы қызметкерлер үйлеріне бармайды.

Медицина қызметкерлерінен бөлек, бүгін тағы екі тұрғыннан вирус табылды. Оның бірі 54 жаста, екіншісі жеткіншек. Олармен байланыста болған 31 адам карантинге оқшауланған. Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша коронавируспен тіркелгендер саны бүгін 46 адамға жетті.

А. Төребекқызы