Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

42 500 теңге алғаны үшін бірде бір адам қылмыстық жазаға тартылмайды, - ЕӘҚМ

AstanaTV
20.04.2020ж. 20:00
2764
42 500 теңге алғаны үшін бірде бір адам қылмыстық жазаға тартылмайды, - ЕӘҚМ

42 мың 500 теңге алғаны үшін бірде-бір адам қылмыстық жазаға тартылмайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгін осындай мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желідегі алып-қашпа әңгімеге сеніп, қайтарып жіберген азаматтарға қайта өтініш жіберуге болатынын айтты. Ол үшін арнайы электронды поштаға жағдайды түсіндіріп, хат жазу міндетті деді. Ал, тұрақты жұмысы бола тұра 42 мың 500 теңгені алған азаматтардың әрекетін министр заңбұзушылыққа балады. Сонымен бірге, жұмыс берушісі еңбекақаның 50 пайызын төлеп отырған қызметкерлердің де бұл төлемді алуға құқығы жоқ екен.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Қайтармаймын десеңіз, әрине. Мен тағы да айтамын. Ол жай қалмайды. Оны біздің мемлекеттік сақтандыру қоры осы төлемге жіберіп жатқан қаражатты, сіздерге кейін талап қояды. Соны қайтару жөнінде өтініш жасайды. Сондықтан егер де, дәл қазір осы себеппен сіз дәл қазір ақысыз демалысқа шықпаған болсаңыз. Жұмысыңыз жалғасып жатты. Тұрақты жалақы алып жүрген болсаңыз, қайтара салғаныңыз жөн болады.

Сонымен қатар, ведомство осы уақытқа дейін келіп түскен өтініштердің 3 млн-ға жуығын қайтарып жіберіпті. Оның 800 мыңнан астамы жабылып қалған есеп-шотты көрсетсе, 160 мың тұрғын жеке сәйкестендіру нөмері мен кәсіпорын нөмірін дұрыс жазбаған. Ал, 70 мыңдай азаматтың банктерде жиырма сандық есеп-шоты болмай шығыпты. Министрлік олар қайтадан өтінім жібере алатынын айтты. 

А. Мүтәлі